Астана екі кезеңде жеңіске жеткенімен, Автодорға жол берді
30 қазан күні Саратовта өткен ВТБ Біріккен лигасы аясында “Автодор” мен “Астана” командалары кездесті. Бірінші кезеңде қазақстандық команда аз ғана айырмашылықпен алға шыққан болатын. Алайда, екінші және үшінші кезеңдерде “Автодор” өз басымдығын көрсетіп, жеңісті иеленді. Соңғы кезеңде “Астана” ойынға қайта серпіліс беріп, жеңіске жеткенімен, бұл бес ұпайлық артықшылық жалпы есепте жеңіс үшін жеткіліксіз болды.
Осылайша, “Автодор” өз алаңында 88:81 есебімен айқын басымдық танытып, жеңіске жетті.
ВТБ Біріккен лигасы
“Автодор” (Саратов) – “Астана” – 88:81 (17:18, 24:17, 23:17, 24:29)
Бұл маусымда қазақстандық команда әлі жеңістің дәмін татпады, сондықтан турнирлік кестеде соңғы, 12-орында тұр. Келесі кездесуін “Астана” 4 қараша күні “Уралмашқа” қарсы өткізеді.
Теннис
Бүгін 11:32
Теннис
Бүгін 08:50
Бокс
Бүгін 07:10