Астана БК жас ойыншылардың дамуына сенім артады
Баскетболдан “Астана” клубы болашақта өз тәрбиеленушілерін дамытуға басымдық беруді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді команданың бас директоры Самсон Аракелян.
“Қазіргі маусым “Астана” үшін өте қиын өтуде: негізгі ойыншылардың жарақаттары мен легионерлерге қойылған жаңа шектеулер бізді жастарға сенім артуға мәжбүр етті. Бұл жағдай біздің бүгінгі қиын ахуалымызға ықпалын тигізді. Дегенмен, жастардың мұндай жоғары деңгейдегі ойындарға қатысуы олардың кәсіби өсуі мен жалпы қазақстандық баскетболдың дамуы үшін маңызды қадам.
Біз алдағы үш жылда қазіргі құрамды алмастыратын лайықты ойыншылар дайындауымыз керек екенін жақсы түсінеміз. Бұл – қажеттілік, өйткені ВТБ Бірыңғай лигасында ұзақ жылдар бойы өнер көрсетіп жүрген қазақстандық ойыншылар, өкінішке қарай, үш-бес жылдан кейін мансабын аяқтауы мүмкін”, – деп келтірді Аракелянның сөзін “Перехват” телеграм арнасы.
Қазіргі маусымда ВТБ Бірыңғай лигасында “Астана” 15 матчтың бәрінде жеңіліс тауып, турнирлік кестеде соңғы, 12-орынды иеленіп отыр.
Бокс
Бүгін 06:39
Хоккей
Бүгін 04:27