Қазақстандық дзюдошылар Испаниядағы Еуропа кубогында төрт медаль жеңіп алды
Мостолестегі турнирдің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 23 елдің 503 спортшысы арасынан алтын, екі күміс және қола медальға қол жеткізді
Басқа спорт түрлері
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Kazakhstan Judo Team
28 ақпанда Испанияның Мостолес қаласында жастар арасындағы дзюдодан Еуропа кубогы басталды.
Турнирдің алғашқы жарыс күнінде Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы сенімді өнер көрсетіп, бір алтын, екі күміс және бір қола медаль иеленді.
78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Руслана Махатова топ жарып, командаға алтын жүлде сыйлады.
Күміс медальді Қайыргали Роллан (66 кг дейін) мен Гүллсезім Турлыбек (78 кг дейін) еншіледі.
73 келіге дейінгі салмақта Мухамедәлі Закиров қола жүлдегер атанды.
Айта кету керек, жастар арасындағы Еуропа кубогына 23 елден 503 спортшы қатысып, турнирдің бәсекелестік деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Бұған дейін қазақстандық дзюдошылар Grand Slam турнирінің алғашқы күнінде жүлдесіз қалған еді

